Көкшетауда саяси науқанның ерекшеліктері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда саяси науқанның ерекшеліктері талқыланды

06.01.2021

Биылғы сайлау пандемия тұсында өтетін болғандықтан партия белсенділері тұрғындармен кездесулер өткізе алмады. Сондықтан байланыс құралдарын, әсіресе, әлеуметтік желілерді белсенді қолданды. Биылғы саяси науқанның ерекшеліктерін талқылаған сарапшылар осылай дейді. Аймақтар үшін басты ерекшелік барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары партия арқылы сайланады. Ал, Ақмола облысында 254 депутаттық мандат бар. Ал сайлау 722 учаскіде жүргізіледі. 

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:
-Әрбір партия аймақтағы өзінің электоратын табу үшін ол жақтағы проблеманы, аймақтық ерекшеліктерді білу керек. Мәслихатта осы сайлаудан кейін кем дегенде 2 партия болады, 2 партия бір-бірімен бәсекелес ретінде сол аймақтағы электорат үшін әрі қарай жұмыс істейді деген сөз.     

Ермек Елберген 

Көкшетау саяси науқан

Хабарламаларға жазылу