Кеше ғана «сары » аймаққа енген Атырау облысы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының күрт артуына байланысты бүгін қайтадан «қызыл» аймаққа кірді.
Өткен тәулікте 149, ал бүгін 101 адам қауіпті індеттің құрығына ілікті. Науқастардың көбі Теңіз мұнай кен орнынан тіркеліп отыр. Қазір кеніш аумағындағы стационарда 811 жұмысшы ем қабылдап жатыр. Ал, облыстық инфекциялық стационарда 95, аудандарда 40-қа жуық адам емделуде.
Жандос Темірғали