Шығыс Қазақстан облысында тұрғындар мен полицейлер арасында атыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында тұрғындар мен полицейлер арасында атыс болды

04.04.2017

Шығыс Қазақстан облысында қарулы қақтығыс кезінде бір адам қаза тапты. Үлкен Нарын кентінде жерлестерінен зәбір көрген азамат көмек сұрап полицияға хабараласады.  Бұзақылардың соңына түскен құқық қорғаушылар  үш күдіктіні техникалық қызмет көрсету орталығына жасырынған жерінен тапты. Алайда, олар  полиция қызметкерінің айтқанына көнбей қарсы оқ атады. Жәбірленуші азамат сол жерде аяғынан жараланды. Осыдан кейін полиция қызметкері күдіктілерге қарсы  табельдік қарудан оқ атуға  мәжбүр болды. Оқиға салдарынан бұзақылардың  екеуі жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді. Кейін біреуі ауруханада жан тапсырды. 

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу