БЖЗҚ зейнетақы қорындағы «жеткіліктілік шектің» кестесін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БЖЗҚ зейнетақы қорындағы «жеткіліктілік шектің» кестесін жариялады

07.01.2021

Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу үшін енгізілген жеткілікті шектің көлемі өзгертілді. Жаңа кесте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтында жарияланды.

Ол сәл төмендетілген. Мәселен 20 жастағы азаматтың шотында бұрын 1 млн 720 мың теңге қалып тұру керек болса, енді ол 10 мыңға азайған. Ал 25 жастағылар үшін 15 мыңға, 35 жастағылар үшін 21 мың теңгеге азайып отыр. Яғни жұрт баспанаға немесе емделуге деп енді көбірек ақша алады. Әрі жинақтың бір бөлігі түсетін шотты Отбасы банкінен онлайн ашуға болады. Ал қордағы қаржыны алуға өтінішті қашаннан бастап беруге болатыны әзірге айтылмай отыр.  

Досжан Маратұлы  


Хабарламаларға жазылу