БЖЗҚ-ның сайты азаматтардың қордан шешіп алатын шекті сомасын енді автоматты түрде көрсетеді. Ол үшін ИИН немесе электронды цифрлық қолтаңбаны арқылы жүйеге кіресіз. Зейнетақы қорынан жинақ туралы ақпарат алған соң, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, қазіргі Отбасы банкіне ақшаны алуға қатысты электронды өтініш беруге болады. Салымшының құжаттарын тексерген соң, қаражаттың бір бөлігін алу туралы ақпарат зейнетақы қорына жіберіледі. Содан кейін ғана қор 5 жұмыс күні ішінде ақшаны азаматтың есепшотына аударады. Мамандар зейнетақы жинағының бір бөлігін арнайы шоттан 45 күн ішінде алуды ескертеді.
Гүлнұр Ағайдарова, БЖЗҚ АҚ Алматы қаласы филиалының бөлім басшысы:-Тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделуге зейнетақы жинақтарын алу кезінде салымшылар жеке табыс салығын зейнетақы төлемдерін алған кезде біржола ұстап қалу. Екінші тәсілі жеке табыс салығын төлеуді кейінге қалдыру.
Ақерке Бектас