Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

05.01.2021

Елде коронавирустың өршу деңгейі 0,9 пайызды көрсетіп отыр. Күн сайынғы індетке шалдығу көрсеткіші 0,46 пайызға өскен. Бұл жөнінде Президент қабылдауында болған Үкімет басшысы мәлімдеді. Асқар Мамин Мемлекет басшысына жыл қорытындысы бойынша да есеп берді. 2020 жылы нақты сектордағы өндіріс көлемі 2 пайызға артқан. Өңдеу өнеркәсібі, фармацевтика, машина жасау салаларында өсім бар. Құрылыс көлемі де артып, 15 миллион шаршы метр баспана ел игілігіне берілді. Ауыл шаруашылығы саласындағы өсім болса, 5 пайыздан асқан. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады. Кездесуде саланы жетілдіру бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды. Агенттік басшысы Президентке бәсекеге қабілетті орта құру жайын баяндады. Бәсекелестікті дамыту жөнінде ұлттық жоба әзірленіп жатқанына тоқталды.

Ләйлә Дулатқызы 

Хабарламаларға жазылу