Алматыда биологиялық ресурстар контрабандасымен айналысатын қылмыстық топтың ұйымдастырушылары жазаға тартылды. Қытай мен Қазақстан азаматтары жалпы сомасы 470 миллион теңгеден асатын артемия салина шаяндарын шетелге заңсыз сатпақ болған. Жедел-іздестіру шаралары барысында ел аумағынан шығаруға тыйым салынған, жалпы салмағы 400 тоннаға жуық су жәндігі тиелген көліктер табылды. Айта кетейік, артемия салина шаяндары тұзды су қоймаларында тіршілік етеді. Олар балық және құс шаруашылығында, фармакология мен косметология саласында жоғары сұранысқа ие.
Жақсылық Мырзахан, Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:
-Тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін аталған қылмыстық іс сотқа жолданды. Қазіргі таңда соттың үкімімен 4 азамат кінәлі деп танылып, олар 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылған болатын.
Нұрхан Нұрланұлы