«Мұрат, Бердібек және Тараз». Астанадағы «Қазақ елі» мәдени-архитектуралық монументінің ең биік тұсында осындай жазба табылды. Еліміз үшін маңызды нысанға кімдер, қалай шығуы мүмкін? Есімдері жазылған азаматтар табыла ма, жауапкершілікке тартыла ма?
Монументтегі жазбаны көкте ұшып жүрген дрон түсіріп алған. Ал, оны бірінші аңғарған Тәңірберген Бердоңғар. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында бұл жаңалықпен бөлісті. Жұрт таңғалуда. Монументтің емес, жазбаның авторын білгісі келеді көбі. Олар кімдер және бұл теріс туынды қашан жасалды?
Азамат НҰҒЫМАНОВ