«Nur Otan» партиясы «Есіктен есікке» акциясын ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan» партиясы «Есіктен есікке» акциясын ұйымдастырды

04.01.2021

«Nur Otan» партиясы білім саласында кешенді жоспарларды жүзеге асыруға ниетті. Бүгін «Есіктен есікке» акциясы аясында Шымкент қаласы Таскен ауылы тұрғындарына осы бағытта атқарылатын жұмыстар баяндалды.   

Бұл мақсатта мегаполисте алдағы 5 жыл ішінде 42 білім ұясы бой түзейді. Сондай-ақ 24 мектеп, 3 интернат, бір колледж бен 13 балабақшаға күрделі жөндеу жасалады. Нәтижесінде үш ауысымды мектептердің проблемасы жойылады. Білім беру саласындағы келесі өзгеріс жоғары және брініші санатағы мұғалімдер үлесін арттыруға бағытталған. Саяси ұйым білікті мамандар қатарын 30 процентке дейін арттыру арқылы білім сапасын жоғарылатуды көздейді. Ал үшінші бағыт, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту.

Жадыра Таңатарова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер: 
-Шалғай елді мекендердегі газ, су, жарық мәселелерінің барлығы 2025 жылға дейін оң шешімін табатын болады. Мұның барлығын «Nur Otan» партиясы өз бақылауына алады.  

Кездесу барысында жұртшылық партия өкіліне тұрғын үй, инфрақұрылым, жұмыспен қамту секілді проблемаларын да жеткізді. 

Ғани Қалмахан


Хабарламаларға жазылу