Иран Фордо зауытында уран байытуды 20 пайызға дейін арттыруы мүмкін. Сарапшылар Иранның бұл шешімін санкцияларды алып тастау үшін АҚШ-қа жасалған қысым деп санайды. Associated Press-тің хабарлауынша, Атом қуаты агенттігінің басшысы қазірдің өзінде уранды 4 пайызға дейін байытылған материалмен ауыстыру керек деп мәлімдеген. Али Акбар Салехи бұның МАГАТЭ-нің бақылауымен тез арада іске асатынын айтады. Қазір Иран уранды 4,5%-ке дейін байытып жатыр. Алайда атомы туралы көпжақты келісімге сәйкес ол 3,67%-дан аспауы керек еді.
Ақерке Бектас