Қарағанды облысында 2020 жылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша 33 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Жаңадан 11 кәсіпорын іске қосылды. Жұмыссыздықтың алдын алу үшін өңірде жыл басында кәсіпорындар, кәсіподақ және жергілікті билік арасында жұмыс орындарын сақтау бойынша үш жақты келісімге қол қойылып, ол уағдаластық толық негізде орындалды.
Облыста «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 65 млрд.теңгеден астам қаражат бөлініп, 625 жоба жүзеге асты. Осы бағдарламаны іске асырудың арқасында 16 мың адам жұмысқа орналасқан. 2021 жылы 230 миллиард теңгенеден астам қаржыға тағы 13 жоба ашылмақ. Бұл дегеніңіз 1,5 мың адамға жаңа жұмыс орны. Мемлекеттік бағдарламаның игілігін көрген жандардың бірі Ақбота Тоқтыбаева. Ол «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында 6 миллион теңгеден астам несиеге қол жеткізген. Осы қаражатқа сауда-саттық орнын ашып, 3 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Ақбота Тоқтыбаева, жеке кәсіпкер:- 4 пайыздық несие алдым. Оған қосымша қаражат қосып дүкен тұрғыздық. Маған көп қолдау болды. Алдағы уақытта осы кәсіпті кеңейтуге және оны мемлекеттің қолдайтынына сенемін.
Руслан Нұрланұлы