«Ембімұнайгаздың» 18 жұмысшысы коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ембімұнайгаздың» 18 жұмысшысы коронавирус жұқтырған

30.12.2020

Атырауда «Ембімұнайгаз» кәсіпорынының 18 қызметкерінен коронавирус анықталды. Олардың бәрі әкімшілік ғимарат қызметкерлері. Барлығы 200 қызметкер медициналық тексеруден өткен. Нәтижесінде 18 адамның тест сынамасы оң нәтиже көрсетті. Қазір індет жұқтырғандар медициналық бақылауға алынды. Өндіріс ошақтарында кеселдің таралмауы үшін сақтық шаралары күшейтілді. 

Әсел Мұқаева, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы:
Барлығы да симптомсыз түрде. Бүгінгі таңда ошаққа дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, барлық жақын қарым-қатынастағылар үй жағдайына оқшауланып, медициналық бақылауға жергілікті емханаға берілді.

Хабарламаларға жазылу