2021 жылы асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы 5 пайызға өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2021 жылы асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы 5 пайызға өседі

30.12.2020
2021 жылы асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы 5 пайызға өседі

2021 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылғандарға берілетін төлемдер 5 пайызға өседі. Бұл туралы Үкімет қаулысында айтылған.

«2021 жылдың 1 қаңтарынан еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын әлеуметтік төлемдер мөлшерінің бес пайызына арттыру жүргізілсін», - делінген Үкіметтің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 891 қаулысында.

Қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

жәрдемақы Үкімет қаулысы

Хабарламаларға жазылу