Алматыда сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне ат салысқысы келетіндердің саны артуда. Бүгін тәуелсіз байқылаушылар штабына жастар арасынан құрылған тағы екі қоғамдық қор өтініш білдірген. Тәуелсіз байқылаушыларға қойылатын басты талап - саяси қауымдастықтармен ешқандай байланысы болмауы керек. Мегаполисте саяси науқанға байқылаушы ретінде қатысқысы келетіндер үшін арнайы штаб жұмыс істейді. Қазірдің өзінде белсенділердің саны жүзден асқан.