Қызылорда облысы бойынша 376 тәуелсіз байқаушы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысы бойынша 376 тәуелсіз байқаушы тіркелді

29.12.2020

Қызылорда облысы бойынша алдағы сайлауды 376 тәуелсіз байқаушы бақылайтын болады. Оған үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғам белсенділері, қарапайым тұрғындар ерікті түрде тіркелді.    

Бейпартиялық байқаушылар толықтай онлайн оқу курстарынан өтіп, оларға сайлаудың өту тәртібі мен заңдылығы түсіндірілген. Сондай-ақ, шет елден келген «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының» екі байқаушысы облыстағы сайлау учаскелерін аралап, саяси науқанға әзірлігін көріп жүр.   

Әділбек Серікұлы 


Хабарламаларға жазылу