2021 жылы коронавирустың жаңа түрлері пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Сондықтан әлемдік қауымдастықтар инфекцияның жаңа штамдарын зерттеуге жіті көңіл бөлуі тиіс. Ал вирустың мутацияланған түрі анықталған Ұлыбританияда «ковидке» шалдыққандар саны күрт артып, 41 мыңнан асты.
Жансая Қапасқызы