1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш шамамен 140 теңгеге өсіп, 2900 теңгеден асады. Демек, айыппұл қымбаттайды. Сонымен келер жылдан бастап карантин шектеуін бұзған жеке тұлғаларға айыппұл 83 мыңнан 87 510 теңгеге, шағын бизнес өкілдеріне 638 мыңнан 670 910 теңгеге қымбаттайды. Көлік жүргізушілері жылдамдықты сағатына 10-20 шақырымға арттырса, бұдан былай 14500, 20-40 шақырымға тез жүрсе 29 мың теңге төлейді. Білім саласына қатысты, мұғалімдерді қызметінен тыс жұмысқа салған лауазымды тұлғаға енді 60 мың теңгеге жуық айыппұл салынады.
Ақерке Бектас