Ақтауда аққуды қатыгездікпен өлтіргендер іздестірілуде.
Кеше 1-шағын аудандағы Каспий теңізінің жағасынан киелі құстың өлексесі табылды. Ол жіппен қылқындырып өлтірілген болуы мүмкін. Себебі мойнында жіп бар.
Айта кетейік, елімізде аққуға қиянат жасағандарға 208 мың теңге көлемінде айыппұл немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.