Жаңажылдық кештер өткізуге тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңажылдық кештер өткізуге тыйым салынады

28.12.2020

Елімізде карантин шараларының күшейтілуіне байланысты корпоративтік кештер, жаңажылдық жиындар өткізуге тыйым салынады. Бұл шектеулерді әртүрлі салада еңбек етіп жүрген, елге танымал азаматтар да қолдап отыр.

Бахтияр Ажкен, IMMS Journal бас редакторы:
Құрметті қазақстандықтар! Мен медицина саласын зерттеп жүрген ғалым ретінде бұл вирустың өте қауіпті екенін тағы бір ескерткім келеді. Сондықтан топтасуға, корпоративтік жиындар өткізбеуге кеңес беремін. Ең алдымен өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын ойлаңыз.
Рафаель Фатхельянов, du Soleil циркінің әртісі: 
Мен ешқашан мерекелік корпоративке барған емеспін. Себебі Жаңа жыл отбасың мен жақындарыңның жанында болатын уақыт. Сондықтан биыл көпшілік жиналатын кештерден бас тарту қиындық тудырмас деп ойламын. Ең бастысы денсаулық екенін естен шығармаңыз. 

Ал Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерде «Жаңа жыл –отбасылық, корпоративсіз, банкетсіз мереке» деген челлендж жолдады. Бастаманы 4 күн ішінде 30 мыңға жуық адам қолдаған. Олардың арасында оқушылар да бар. Челлендждің мақсаты – корпоративтен бөлек, үйде де қонақ шақырып, топтасып жиналмауға үндеу. 

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу