Отандық фармацевтика өндірісі 45%-ға артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық фармацевтика өндірісі 45%-ға артты

28.12.2020

Биыл елімізде фармацевтикалық өнімдерді шығару 45 пайызға артты. Отандық компаниялар коронавирусқа қарсы антибиотик және екпе дәрілерді көптеп шығарды. Мәселен, пандемия басталғалы Шымкенттегі «Химфарм» зауыты 80 миллион қорап дәрі өндірген. Ал,тағы бір іргелі кәсіпорын 12 түрлі қорғаныш киімдерін тігіп, медицина ұйымдарын толғымен қамтамасыз етті. 

«Химфарм» зауыты биыл отандық дәрі дәрмектің 40 пайызын өндірді. Бұл жыл басында жоспарланған межеден анағұрлым көп. Қазір зауыт зертханасында 51 түрлі дәрілік зат сынақтан өткізіліп жатыр. Олардың арасында кардиологиялық, неврологиялық және асқазан, қатерлі ісік ауруларын емдеуге арналған дәрі-дәрмек түрі бар.

Рустам Байғарин, завод директоры:
Індеттің алғашқы толқыны кезінде өндіріс толық қуаттылығымен жұмыс істеуге көшті. Соның нәтиежесінде өнім шығару көлемі екі есег артты. Әлі күнге сол ырғақ сақталып отыр. Індет қайта өрши қалған жағдайда кідіріп қалмау үшін шикізат қорын жасақтаудамыз. 

Ал «Экофарм» компаниясы болса пандемияға байланысты медициналық арнайы қорғаныш киімдерін тігуді 40 есеге дейін көбейтті. Қазір кәсіпорын ай сайын 50 мың дана қорғаныш құралдарын шығаруда. Сондай-ақ Түркістан облысы Сайрам ауданында айына 2 миллион медициналық маска тігетін кәсіпорын тұрақты жұмыс істеп тұр. 

Жеңіскүл Ақаншаева, кәсіпорын жұмысшысы:
Бұл масканың ерекшеліктері үш қабаттан тұрады және сыртында арнайы қаптамасы бар. Сонымен бірге стериленген таза. Қорғаныш киімдермен осыны істеп жатырмыз. 

Биыл Шымкентте өкпені жасанды жолмен желдету қондырғысын шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Мұнда тәулігіне 20-25 аппарат құрастырылады. Мегаполистің медициналық жабдықтарға деген сұранысына сай зауыт 126 өкпені желдету қондрығысын, 318 реанимациялық монитор және 500-ге тарта Бобров аппаратын шығаруға тапсырыс алды. Бұл жабдықтар қаладағы медициналық ұйымдарға беріледі.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу