Коронавирустың таралуы бойынша еліміздің 4 облысы «қызыл» аймаққа кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустың таралуы бойынша еліміздің 4 облысы «қызыл» аймаққа кірді

28.12.2020

Елімізде Қостанай, Ақмола, Павлодар және Атырау облыстары короновирус инфекциясының таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді. Қостанай өңірінде соңғы тәуілікте 62 адамнан індет анықталған. «Қызыл» аймаққа кіргеніне қарамастан жергілікті мамандар жағдай 

Ақмола облысында да жағдай бірқалыпты. Кеше аурудың таралу көрсеткіші төмендеп, індетті жұқтырған 54 науқас анықталды. Облыста карантин талаптары өзгерген жоқ. Шектеулер сақталды. 

Ал Павлодар облысында карантиндік шектеу шаралары сол күйі сақталады. Өткен аптада 521 адам короновирус жұқтырған. Ал соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясы 65 адамнан анықталды. Олардың екеуі дәрігер.

Атырау облысындағы Теңіз кенішіндегі скринингтік тексеріс кезінде 71 жұмысшыдан COVID-19 жұқпасы анықталды. Өңірде соңғы тәулікте 133 адам инфекция табылды. 

Дәуренбек Әбдібек 


коронавирус

Хабарламаларға жазылу