Қарағандыдағы №104-ші мектеп-гимназиясы Жаңа жыл қарсаңында ел Президентінің атынан сыйлық алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қараша айында кеншілер өңіріне жұмыс сапарымен барғанда мектеп оқушылары автобус сұраған еді. Себебі білім ошағына Күнгей ауданынан қатынайтын балалар үшін автобус ауадай қажет. Саран қаласындағы зауытта құрастырылған су жаңа көлікті кәсіпорынның жұмысшылары Мемлекет басшысының атынан сыйға тартты. Келешекте өңірдегі барлық мектептерге осындай автобустар беріледі.
Руслан Нұрланұлы