Бұл туралы аймаққа жұмыс сапарымен барған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі мәлімдеді. Мағзұм Мырзағалиев өңірде геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру керек дейді. Ол үшін арнайы жұмыс тобы құрылмақ. Бұған дейін елімізде жаңа кен орындары мен қазба байлықтарды іздеуге 150 миллиард теңге бөлінгенін хабарлаған едік.
Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:-Бізді алаңдататыны Өскеменде, Шығыс Қазақстан облысында ресурстардың қоры 15 әрі кетсе 20 жылға жететіні анық. Сондықтан біз қазірден бастап жаңа кен орындарын ашуға ат салысуымыз керек.
Досжан Маратұлы