Маңғыстау облысында вирус жұқтырғандар саны күн санап артып барады. Бүгін 12 науқас тіркелді. Жалпы соңғы аптада күніне 12-18 адамнан вирус анықталып жатыр. Стационарда 115 науқас ем алуда.
Ләззат Есенғалиева, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Қазір Маңғыстау облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі болып тұр. 47 науқастың 8-інің жағдайы ауыр деп есептеледі.
Аягөл Оралбайқызы