Алматыда сертификаты жоқ 800 келіден астам пиротехникалық өнім тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда сертификаты жоқ 800 келіден астам пиротехникалық өнім тәркіленді

25.12.2020

Алматылық полицейлер 800 келіден астам сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіледі. Төтенше жағдай қызметкерлері жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында өрт оқиғасы жиілейтінін айтады. Қызыл жалынның 3 пайызы пиротехникалық бұйымдардың кесірінен болады. Оқыс жағдайларды болдырмау үшін Төтенше жағдайлар мен полиция департаменттері бірлескен шаралар өткізу жоспарын әзірледі. Оған сәйкес қалада пиротехникалық өнімдерді заңсыз сататын сауда орындары анықталады. Әрі тұрғындарға пиротехниканы дұрыс қолдану туралы 2 мыңнан астам жадынама, брошюра мен ескертпе таратылған. Сондай-ақ төтеншеліктер мерекеге орай үйде шыршаларды безендіру кезінде сақтық шараларын ұстанған жөн деп кеңес беріп отыр. 

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу