Әлемнің бірқатар елдері бүгін Рождествоны тойлап жатыр. Коронавирус кесірінен биыл бұл мейрамды жаппай атап өтуге тыйым салынды. Шіркеулерде адам саны шектелген. Құдайға құлшылық ету кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска тағу міндетті. Коронавирустың жаңа штаммы да жағдайды ушықтырып барады.
Инфекцияның жаңа түрі әлемді шарлап, Германия мен Нигерияға да жеткен.
Ал Оңтүстік Кореяда тәуліктік науқастар саны күрт өсті. Өткен күні елде 1200-ден астам адам ковид жұқтырған. Осы аптада карантин талаптары тағы күшейтіліп, қоғамдық орындарда 4 адамнан артық жиналуға тыйым салынды.
Жансая Қапасқызы