Назарбаев Университетінің ғалымдары елорданы цифрландыруға үлес қоспақ. Олар төтенше жағдай орын алған кезде шұғыл әрекет ету үшін озық бейнекамералар жүйесін жасап жатыр. Құрылғы 360 градусқа бұрылады және қашықтан көре алады. Камералар өрт немесе жол апатын бірден байқап, жедел жәрдем, өрт сөндіру немесе тәртіп сақшыларының жұмыстарын оңтайландыруға ықпал етеді. Қазір ғалымдар жасанды интеллект көмегімен құрылғы орнатуға ең тиімді жерлерді анықтап жатыр. Бұл ретте шаһар картасының 3D үлгісі пайдаланылады.
Дәулет Баймұқашев, Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының деректер талдаушысы:
Ұлыбритания, Италия, Аргентина, АҚШ-ты алып қарасақ, осындай жүйе кеңінен қолданылады. Біз Төтенше жағдайлар департаменті мен IKomеk қызмет орталығымен қазір келіссөздер жүргізп жатырмыз. Болашақта пилоттық жоба ретінде енгізуді жоспарлап отырмыз.
Дарын Сағитов