Қытай Қазақстаннан экспорттық тауар қабылдап жатқан жоқ. Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов Сенат отырысында осылай деді. Пандемияға байланысты шекарада қатаң карантин енгізіліп, Қазақ-Қытай арасында қатынайтын автомобиль мен теміржол көлігінің саны шектеліп, бұл шығын әкелген. Пандемияға дейін Қытайға 200-ден аса көлік кірсе, қазір небәрі 20-25 көлік кіреді. Қаржы министрлігі өткізу бекеттерін ашу туралы хат жіберген. Алайда әзірге жауап жоқ. Ал бізде кедендегі жемқорлық пен ұзынсонар кезекті азайту үшін тексеруді алты айдан екі айға дейін қысқартады. Ал көшпелі кедендік тексерісті өткізуге шектеу қойылады.
Қанат Баеділов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:-Қаржы министрлігі жағдайды реттеу үшін шілде айында пандемияға байланысты жабық тұрған 3 қабылдау бекетін қайта ашты. Алайда Қытай өз тарапынан тек бір ғана бекетті ашып отыр. Екеуі әлі де жабық тұр.
Ақерке Бектас