Алматының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында заңсыз қызмет көрсетіп келген делдалдар ұсталды.
28 және 18 жастағы екі азамат көлікті тезірек тіркеуге қойып және оны тіркеуден шығарғаны үшін 32 мың теңге алып жатқан жерінде құрыққа ілінді. Қалалық криминалдық полиция қызметкерлері осындай құйтырқы әрекеттердің санын азайту мақсатында орталықтарға бейнебақылау камералары орнатылғанын ескертеді. Ал ұсталған екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.