Коронавирустың жана штаммы Азияға да жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустың жана штаммы Азияға да жетті

24.12.2020

Ұлыбританияда табылған жаңа коронавирус штаммы Сингапурда алғаш рет анықталды. Ол мемлекетке Еуропадан импортталған. Науқаспен байланыста болған 11 адам 14 күндік карантинге жабылды. Дегенмен, елдің денсаулық сақтау министрлігі бұл инфекцияның қоғамға тарап жатқанына дәлел жоқ дейді. Айта кетсек, осы штаммға байланысты әлемнің ондаған мемлекеті Ұлыбританиямен әуе қатынастарын доғарды. 

Бүгін Нью-Йорктің Джон Кеннеди халықаралық әуежайында шетелден келген барлық жолаушылар екі апталық карантинге жабылып жатыр. BBC-дің хабарлауынша, Қытай да Ұлыбританияға ұшуды тоқтатты. Ал, планетада COVID-19 вирусын жұқтырғандар 79 миллионға жақындап, одан 1 миллион 700 мыңдай адам қайтыс болған.

Арыстан Рысбек

коронавирус

Хабарламаларға жазылу