Шымкентте кілем таратамын деп елді дүрліктірген кәсіпкердің үстінен іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте кілем таратамын деп елді дүрліктірген кәсіпкердің үстінен іс қозғалды

24.12.2020

Шымкентте 500 кілемді тегін таратымыз деп жұртты дүрбелеңге салған кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғады. Ол тұтынушыларды алдап, алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. 

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыдан келіп, Шымкентте акция өткізбек болған кәсіпкердің сөзіне иланған мыңнан астам адам дүкен алдына жиналып, бір-бірін жаншып кете жаздады. Полиция және жергілікті биліктің араласуынан кейін ғана ашуға булыққан жұрт үйіне әрең тарқаған еді. Ал акция ұйымдастырушылары санитарлық талапты бұзғаны үшін 700 мың теңге айыппұл арқалады.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу