Бейпартиялық сайлауды байқау орталығының міндеті – ешкімді алаламай бақылау жүргізу. Бұл туралы орталық жетекшісі, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева айтты. Айта кетейік, үкіметтік емес ұйымдар бірігіп, саяси додаға түсіп жатқан партиялардың өкілдерімен кездесіп, сайлау ережелерін, бақылаушылардың міндеттерін жан-жақты түсіндіріп жатыр. Бүгінде 18 мыңға жуық байқаушы жасақталған.
Атырауда да тәуелсіз байқаушылар партия өкілдерімен кездесіп, сайлау заңына енгізілген жаңа түзетулер мен карантин кезіндегі шарттарды түсіндірілді. Тәуелсіз байқаушылар штабының мәліметінше, облыста сайлаудың заң шеңберінде өтуін қадағалайтын 1500 байқаушы арнайы оқудан өткен.
Нысаналы Ығыл