Тұрғын үй құрылысына 1,7 трлн теңге инвестиция тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрғын үй құрылысына 1,7 трлн теңге инвестиция тартылды

23.12.2020

Биыл тұрғын үй құрылысына 1,7 трлн теңге инвестиция тартылып, былтырмен салыстырғанда 33,4%-ға көбейген. 106 мыңнан аса баспана пайдалануға берілді. Олардың 37 мыңнан астамы жеке үй болса, 18 мыңға жуық пәтердің кілті мемлекеттік қолдау арқылы табысталған.   

Мамандар жеке инвесторларды тартуға мемлекеттік бағдарламаның іске асуы себеп дейді. 90 пайызға жуық тұрғын үй жеке құрылыс компаниялары мен халықтың қаржысы арқылы пайдалануға берілген. Ал мемлекеттік сектордың үлесі 9 пайыздай. Нұр-Сұлтан, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, Қарағанды мен Түркістанда құрылысы аяқталып, тұрғындарға берілген баспана көп.

Ақерке Бектас


Тұрғын үй құрылысы инвестиция

Хабарламаларға жазылу