Былтыр 90 млрд теңге тапқан саланың табысы коронавирус пандемиясы салдарынан айтарлықтай азайған. Статистика бюросының мәліметінше, автомобиль және қалалық электр көлігімен 8 млрд жолаушы тасымалданды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 2,7 есе аз. Жүк тасымалы да биыл 7,6%-ке төмендеді. 25 қарашада қалалық автомобиль жолымен жолаушылар тасымалын дамыту үшін кешенді шара бекітілгенін еске саламыз. Дегенмен жолаушыны көлікпен тасымалдау қызметі биыл 5%-ке қымбаттады. Әсіресе Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облысында.
Ақерке Бектас