150 отандық компания Alibaba платформасына шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

150 отандық компания Alibaba платформасына шығады

23.12.2020

Келер жылы тағы 150 отандық компания Alibaba платформасында сауда жасай алады. Қазақстан халықаралық алаңда отандық кәсіпкерлер үлесін көбейту арқылы ұлттық павильон құруды жоспарлап отыр. Сауда және интеграция вице-министрі биыл 50 компанияның интернет платформаға өткенін еске салды. Ал былтырдан бері 48 кәсіпкер Alibaba-да сауда жасауда бастап кеткен. Интернет-алаңға тағы 50 компанияны тіркеу бағдарламасының қазан айында басталғанын еске саламыз.   

Ақерке Бектас


Alibaba

Хабарламаларға жазылу