Жаңаөзенде ақша тонағандардың бірі «Халық Инкассация» қызметкері болып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзенде ақша тонағандардың бірі «Халық Инкассация» қызметкері болып шықты

23.12.2020

Жаңаөзенде инкассаторға қарақшылық шабуыл жасағандардың арасында инкассаторлық компанияның қызметкері болған. Бұл жөнінде ішкі істер министрлігі мәлімдедеді. Ақша тонағандардың бірі «Халық Инкассация» серіктестігінің қызметкері. Бірақ, ол оқиғаның алдында бір ай бұрын емделуге кеткен.  

Естеріңізге сала кетейік, 3 желтоқсан күні «Сбербанктің» алдында тұрған инкассатор көлігінің жүргізушісіне қарақшылар шабуыл жасап, 75 млн теңгені үптеп кеткен болатын. Алайда, көп ұзамай 3 күдікті де ұсталып, ұрланған қаражат қайтарылды.

Аягөз Оралбайқызы


Жаңаөзен инкассатор

Хабарламаларға жазылу