Қазақ баласы 1 миллион оқушының ішінде ең білімді жеті шәкірттің бірі атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ баласы 1 миллион оқушының ішінде ең білімді жеті шәкірттің бірі атанды

23.12.2020
Қазақ баласы  1 миллион оқушының ішінде ең білімді жеті шәкірттің бірі атанды

Елордадағы «NURORDA» мектеп-лицейінің оқушысы Жеңіс Әліби SAT Reasoning емтиханынан 1580 балл жинап, Қазақстан бойынша үздік нәтиже көрсетті. АҚШ-тың жоғарғы оқу орындарына түсуге арналған стандартты SAT сынағына  1 млн бала қатысып, соның ішінде осы 1580 деген бағаны тек 7 адам жинаған. Миллионның арасындағы ең білімді жеті оқушының бірі  Жеңіс Әліби болды.

Білім-Инновация халықаралық қоғамдық қорының хабарлауынша, SAT емтиханы математика, эссе және мәтінге талдау бөлімдерінен тұрады. Әр бөлім 200-ден 800 балл аралығында бағаланады. Жеңіс Әліби математика бойынша 800/800, ал мәтін талдаудан 780/800 балл жинаған. 

Қазақстандық оқушы бірнеше республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы екені хабарланып отыр. Сондай-ақ, ол математика пәні бойынша Қазақстан құрамасының мүшесі және  Summer Stem Institute in Data Science стипендиясының толық грант иегері. 


Хабарламаларға жазылу