Арменияда үкімет басшысына қарсы наразылық акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арменияда үкімет басшысына қарсы наразылық акциясы өтті

23.12.2020

Армения астанасы Ереванда тағы наразылық акциялары өтті. Халық премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Демонстранттар екі қала аралық тас жолды бөгеп, орталық алаңға шатырлар құрып, Пашинян қызметтен кетпейінше, сонда қалатынын ескертті. Оппозициялық күштер жаңа премьер-министр етіп бұрынғы үкімет басшысы Вазген Манукянды тағайындауды ұсынып отыр.

Айта кетсек, Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойғаны үшін өз отандастарының қаһарына ұшырады. Десе де ол биліктен өз еркімен кетуден бас тартып отыр.

Жансая Қапасқызы  

Хабарламаларға жазылу