«Бос сандырақ»: Министр Ресей депутаттарының мәлімдемесіне жауап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бос сандырақ»: Министр Ресей депутаттарының мәлімдемесіне жауап берді

23.12.2020

Бұл – бос сандырақ! Еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік депутаттардың Қазақстан жеріне қатысты айтқан сөздеріне осындай пікір білдірді. Жолданған нотадан кейін көрші мемлекеттің елшілігі қолға алынған шаралар жөнінде есеп берген. Бұл туралы олар Президент әкімшілігі мен Парламентке хабарлаған. Дегенмен, қолданыстағы тәжірибеге сәйкес, ресми жауап әзірге берілген жоқ. «Қалай болғанда да, саясаткерлердің жерге қатысты пікірі Ресейдің ресми ұстанымына сәйкес келмейді», - дейді министр.

Мұхтар Тілеуберді ҚР Сыртқы істер министрі:
Мен мұндай сөздерге орыс сөздерімен жауап айтар едім: это – бред сивой кобыли. Біздің шекарамыз заңды түрде, құқық негізінде делимитациядан өткен. Екі жақты келісімге қол қойылған болатын.

Дарын Сағитов

СІМ нота қазақ жері

Хабарламаларға жазылу