Нұр-Сұлтанда жаппай төбелестен екі адам қайтыс болды. Олар 39 және 44 жастағы Қызылорда облысының тумалары. Оқиға кеше түнгі 23:30-да Бетон зауытының маңында болған. Полиция мәліметінше, төбелеске қарыз себеп болған.
Данияр Оралов, қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:
Оқиғаның барлық қатысушысы - 11 адам анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Амангелді Сейітхан