Қазгидромет 24-26 желтоқсан аралығына арналған ауа райы туралы мәлімет ұсынды.
«Еліміздің солтүстік аймақтарында күннің аздап жылынуына әкелген циклон жырасы Қазақстаннан тыс жерлерге тез ауысады. Ал оның орнын арктикалық ауа массаларымен Кар теңізі аудандарынан суық антициклон басады. Соның әсерінен 25 желтоқсаннан бастап солтүстік аймақтарда ауа температурасы төмендеп, түнде 30-38 градусқа дейін аяз түседі», - делінген хабарламада.