Нұр-Сұлтанда тауар бағасын тұрақтандыруға 2,4 млрд теңге бөлінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда тауар бағасын тұрақтандыруға 2,4 млрд теңге бөлінген

22.12.2020

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік маңызы бар тауар бағасын тұрақтандыруға бөлінетін ақша келер жылдан бастап көбейеді. Қала әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, бұл «айналым механизмі» арқылы іске асады. Әлеуметтік маңызы бар тауар құнын қымбаттатпау үшін биыл 2,4 млрд теңге бөлінген еді. Бұл нарықта 16 түрлі тауар бағасын өсірмеді дейді жауаптылар. Нан өнімдерінің де құнын тұрақтандыру үшін жергілікті наубайханаларға 600 млн теңгеде аса қаражат бөлінген. Айта кетейік, астанада 7 логистикалық кешен бар. Қазір 4 көтерме-тарату орталығының құрылысы жүріп жатыр.  

Ақерке Бектас


Тауар бағасы

Хабарламаларға жазылу