Партиялық емес байқаушылардың семинары өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Партиялық емес байқаушылардың семинары өтті

22.12.2020

Партиялық емес байқаушылар сайлау кезінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін және заңнаманы білуі тиіс. Осы бағытта Қарағандыда арнайы семинар өткізілді. Қатысушыларға белгілі саясаткерлер, сайлау бойынша тәжірибесі жетік мамандар онлайн дәріс берді. Сайлау бұл - әр адамның азаматтық құқығы. Оның айқын, әділ өтуін қамтамассыз ету үшін партиялық емес байқаушылар да үлкен роль атқарады. 

Айта кету керек, семинар өзге өңірлерде де жалғасын тауып, барлық қала, аудандар қамтылады.  

Марина Галияс, байқаушы:
Осы семинарда психологиялық, құқықтық жағынан болсын мамандарымыз жақсы жұмыс жасауда. Біздің басты міндетіміз байқаушы ретінде сайлаудың тұрақты түрде өтуін, әр азаматтың өзінің құқығын қамтамассыз етуін байқау - басты мақсатымыз.

Ләйлә Дулатқызы

Хабарламаларға жазылу