Қостанайда 5 көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда 5 көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

22.12.2020

Қостанайда бес көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты. Жетеуі жарақат алды. Біреуінің жағдайы ауыр. Қарсы бағытқа шығып кеткен Toyota көлігінің жүргізушісі өз жолымен келе жатқан 4 бірдей көлікті соққан. Осы көліктердің біріндегі жолаушы қаза тапты. Жол апатына кінәлі азамат енді бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Нұрлан Базекенов, облыстық ПД Анықтау басқармасының анықтаушысы:
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс бойынша сот сараптамасы тағайындалды. Осы сараптаманың қортындысына сәйкес нақты процесуалдық шешім қабылданады. 

Дәуренбек Әбдібек

Қостанай жол апаты

Хабарламаларға жазылу