Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер жаңажылдық жиындардан бас тартып, мұқтаж жандарға қолұшын созуда. Облыстық және қалалық басқармалар мен аудандық әкімдік қызметкерлері 14 млн теңге жинап, 1100 отбасына азық-түлік себеттерін тарту етті.
Мақсат Құланбаев, облыстық Кәсіпкерлік және ИИДБ басқармасы басшысының орынбасары:
Мұнда тек қана жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері бар. Сонымен қатар антисептиктер, маскалар, қазіргі уақытта керек нәрселерді себеттерге жинап, халыққа таратудамыз. Шамамен бір пакеттің сомасы 12 мың теңгеге шығады.
Рауан Диәли