Елордада алғашқы геологиялық музей ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада алғашқы геологиялық музей ашылды

22.12.2020

Елордада алғашқы геологиялық музей ашылды. Бұл еліміздің жер асты байлығын балаларға таныстырып, ағарту жұмысын жүргізу үшін қажет.

Сондай-ақ студенттер де музейден өздерінің зерттеу жұмыстарына қажетті материалдар алса болады. Музейдегі жалпы экспонаттар саны – 750 дана. Экпозияцияда кристалдардың, құнды минералдардың, палеонтологиялық қалдықтардың үлгілері бар. Арасында Еуропа, Африка, Оңтүстік Америка, Австралия мемлекеттерінен жиналған экспонаттар қойылған. Қонақтар музейден алтын, күміс, темір, изумрудтарды табиғи қалпында көре алады.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:
Осы мұражайға біз көбірек балаларды тартуымыз керек. Себебі келешекте 100 бала келсе, солардың бір-екеуі геолог болса, ол жаман болмайды.

Амангелді Сейітхан

Нұр-Сұлтан музей

Хабарламаларға жазылу