2024 жылы әрбір төртінші сауда онлайн болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2024 жылы әрбір төртінші сауда онлайн болады

21.12.2020

2024 жылға қарай әрбір төртінші сауда онлайн болады. Халықаралық агенттік осындай дерек келтіріп отыр. Айтуларынша коронавирус пандемиясы кезінде электронды сауда екі жарым есеге өскен. Уақыт өте індет жойылып, карантиндік шектеулер алынса да, онлайн сауда қазіргіден де жылдам дами береді дейді мамандар. Биыл әлем бойынша онлайн бөлшек сауданың үлесі 4 трлн долларға жетті. 2024-те ол 7 трлн-ға жетуі мүмкін. Сөйтіп бөлшек сауданың 25 пайызы, яғни төрттен бірі онлайн болмақ. Қазақстандықтар да электронды сауданың көркін қыздырған. Биыл ел азаматтары 300 млрд теңгесін интернет дүкендерде жұмсаған. 

Досжан Маратұлы 


Хабарламаларға жазылу