Табысы төмен азаматтардың көбі Түркістан, СҚО, Жамбыл облыстарында тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Табысы төмен азаматтардың көбі Түркістан, СҚО, Жамбыл облыстарында тұрады

21.12.2020

Бүгін Ұлттық статистика бюросы елімізде кедейлік деңгейінің өскені жайлы деректерді жариялады. Айтуларынша ол былтырмен салыстырғанда екі пайызға өсіп отыр. Яғни экономикалық белсенді халықтың 6 пайызы ең төменгі күнкөріс деңгейі, 32 мың 600 теңгеден төмен табыс табады. Ол шамамен 1 миллион 100 мың адам. Олардың басым бөлігі ауылда тұрады. Әсіресе, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынында кедейлік деңгейі өршіп тұр.  

Досжан Маратұлы 


кедейлік деңгейі Ұлттық статистика бюросы

Хабарламаларға жазылу