Алматыда науқастардың жартысынан астамы өз бетінше ем алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда науқастардың жартысынан астамы өз бетінше ем алған

21.12.2020

Алматыда телемедицина орталығының реаниматологтары пандемия басталғалы 2 мыңдай шақыру алды, 5 мыңнан астам адамға кеңес берген. Бұл туралы қаланың штаттан тыс бас реаниматолог-анестезиологы Тілеуберді Қуандықов айтты. Ал вирус жұқтырып, ауыр жағдайға түскен науқастардың жартысынан көбі үй жағдайында өз бетінше ем алған. Олардың басым бөлігі ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген және алдын ала дәрігер көмегіне жүгінбегендіктен көбінің ахуалы аса ауыр болған.   

Тілеуберді Қуандықов, реаниматолог-анестезиолог: 
-Жансақтау бөліміндегі науқастардың 30 пайызы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жалпы орта есеппен алғанда жансақтау бөлімінде ем алып жатқандардың 15-20 пайызының жағдайы ауыр және тұрақсыз болады. Сонымен қатар, бүйрек, жүрек аурулары, қант диабеті бар және инсульт алған науқастардың бойында қауіпті инфекция бары кейін анықталып жатады. Ал қайтыс болғандардың басым бөлігінде жүрек-қан тамыр аурулары, қант диабеті, цирроз, онкологиялық аурулар бар.  

Нұрхан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу