Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында жаңа заңға қол қойды. Оған сәйкес, ауыр және аса ауыр жемқорлық қылмысымен сотталғандар шартты түрде мерзімінен бұрын босай алмайды. Сонымен бірге шенеуніктер, оның ішінде жауапты мемлекеттік қызметтегі лауазым иелеріне шетелдік банктерде есепшот ашып, ақша мен басқа да құнды заттар сақтауына тыйым салынады. Парламент депутаттары мен судьяларға да солай – болмайды.
Жайна Сламбек